Ақмола облысында өткен жылы жол-көлік оқиғасында 176 адам мерт болып, 678-і жарақаттанды

КӨКШЕТАУ. Қаңтардың 5-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облысы аумағында өткен жылы 500 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, соның салдарынан 176 адам мерт болды, 678-і әртүрлі дене жарақаттарын алды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық жол полициясы басқармасының мәліметіне сілтеме жасап.

Жыл ішінде республикалық маңыздағы Астана-Петропавл күре жолы бойында 79 жол-көлік оқиғасында 32 адам опат болып, 119-ы жарақаттанған. Ал Алматы-Екатеринбург бағытында 68 жол-көлік апаты тіркеліп, онда 33 адам дүние салып, 78-і дене жарақатын алған. Осы уақыт ішінде ішкілік ішіп жолға шығудың 86 319 оқиғасы тіркелген.Өткен кезеңде жылдамдықты шамадан тыс арттыруға қатысты 27 181, қарсы бетке шығып кету бойынша 1 725 хаттама толтырылып, сақтық белбеуін тақпай жолға шыққан 4 138 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар жаяу жүргіншілерге қатысты 37 жол апаты тіркелген, онда 9 адам мерт болып, 30-ы жарақаттанды. Балалармен байланысты болған 60 жол-көлік оқиғасында 6 жеткіншек өмірден өтіп, 67-і жарақат алған.

Соңғы жаңалықтар