Ақмола облысында ойрандатқан дүлей жел 1 адамның өмірін қиып кетті

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында дүлей желдің салдарынан бір адам мерт болып, бір адам дене жарақатын алды, деп хабарлады аймақтық ТЖД баспасөз қызметінен.
None
None

ТЖД мәліметі бойынша оқиға 26 сәуір күні Щучинск қаласында орын алған. Қатты желдің салдарынан қаладағы ғимараттардың бірінің төбе шатырын бекіту жұмыстары барысында екі адам құлап түскен. Нәтижесінде, 1967 жылы туылған Р.Баезитов сол жерде көз жұмса, 1969 жылғы Д.Жалкенов дене жарақатын алып, ауруханаға жеткізілген.

Соңғы жаңалықтар