Ақмола облысында өзін полиция қызметкері етіп таныстырған алаяқ ұсталды

АСТАНА. 18 қыркүйек. ҚазАқпаратт - Ақмола облысында өзін полиция қызметкері етіп таныстырған алаяқ ұсталды.  

Ақмола облысында өзін полиция қызметкері етіп таныстырған алаяқ ұсталды

Облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарлағандай, Көкшетау қалалық ішкі істер бөліміне облыс орталығының тұрғыны келіп, өзін полиция қызметкерімін деп таныстырған белгісіз жігіт оны алдау жолымен 2000 теңге көлеміндегі ақша қаражатын қағып алғанын айтты.

Іздеу шараларының барысында жедел қызметкерлер өз кінәсін мойндаған облыс орталығының 31 жастағы тұрғынын ұстады.

Қазіргі уақытта оның осыған ұқсас басқа қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.