Ақмола облысында скутердің автомобильмен соқтығысуы салдарынан бір адам қаза тауып, тағы біреуі жарақаттанды
АСТАНА. 7 қыркүйек. ҚазАқпарат - Бүгін таңертең Атбасар-Көкшетау тас жолының 5-ші шақырымында, сағат шамамен таңғы 10-да жол-көлік оқиғасы орын алды.
Мұнда скутердің 1972 жылғы жүргізушісі Зеренді ауданындағы Викторовка ауылының тұрғыны жүргізіп келе жатқан «ВАЗ-2109» көлігімен соқтығысып қалды.
Жол апаты салдарынан скутердің 1973 жылғы жолаушысы, белгілі бір мекен-жайы жоқ адам оқиға орнында көз жұмды, оның денесі мәйітханаға жіберілді.
Скутердің жүргізушісі Ақмола облыстық ауруханасына жеткізілді, оған «жабық бас-ми жарақаты» диагнозы қойылды.
Қазіргі кезде жол-көлік оқиғасының жағдайларын анықтау бойынша тексеріс жүргізілуде.
Ағымдағы жылдың 8 айының ішінде облыс аумағында 418 жол апаты тіркелді, онда 101 адам қаза тауып, 623-і түрлі дәрежедегі жарақаттар алды. Жүргізушілердің кінәсімен 358 жол апаты болды, бұл ретте 94 адам қаза тауып, 563 адам жарақаттанды. Жаяу жүргіншілердің кінәсімен 58 жол апаты болды, соның салдарынан 6 адам қаза тауып, 55-і жарақаттанды.
Мототехниканың қатысуымен 3 жол апаты болды, онда 1 адам қаза тауып, 7 адам жарақат алды.