Ақмола облысында суға батып кеткен екі адамның мәйіті табылды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысындасуға батып кеткен екі адамның мәйіті табылды, деп хабарлады аймақтық ТЖД баспасөз қызметінен.

ТЖД қызметкерлерінің мәліметі бойынша, маусымның 7-і күні сағат 14:33 шамасында Бурабай ауданында 1986 жылы туған А. Белокрылов Щучье қаласындағы «АстурНС» ЖШС мұнай базасы маңындағы тоғанға батып кеткен. Іздестіру жұмыстарына ТЖД жедел құтқару отрядының жеке құрамынан 2 адам және 1 арнайы суда жүзу құралы тартылып, 1 сағат өткеннен кейін мәйітті жаға шығарды.

Сол күні Қорғалжын ауданының Кеңбидайық ауылы маңынан ағып өтетін Нұра өзенінен 1979 жылы туған Б. Бейсекеевтің денесі табылды. Ер адам 5-ші мауысым күні өзенге батып кеткен.

Соңғы жаңалықтар