Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Ақмола облысында вагонның рельстен шығып кетуі орын алды, зардап шеккендер жоқ - Көлік және коммуникация министрлігі

АСТАНА. 6 ақпан. ҚазАқпарат - Бүгін  Ақмола облысын да Есіл-Атбасар  учаскесінде  №1616 жүк пойызы құрамындағы кен тиелген  бір вагон жолдан шығып кетті, деп хабарлады ҚР көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі.

Ақмола облысында вагонның рельстен шығып кетуі орын алды, зардап шеккендер жоқ - Көлік және коммуникация министрлігі

 Алдын ала  белгілі болғандай, вагонның жолдан  шығып кетуіне  вагон  арбасы жақтаушасының   сынып кетуі  себеп болған.

Аталған жағдайға байланысты жұп жолдардағы пойыз қозғалысы тоқтатылып,  пойыз қозғалысы  тақ жолдар бойынша жүргізілуде.

 Оқиға орнына Есіл стансасынан жөндеу пойызы жөнелтілді және   пойыздардың қозғалысын қалыпқа келтіру  шаралары қабылдануда.