11:40, 27 Наурыз 2015 | GMT +5
Ақмола облысында «Як-40» ұшағына орнатылған ерекше балалар дәмханасы ашылмақ
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облыстық кәсіпкерлер палатасы Еңбекшілдер аудандық филиалының мұрындық болуымен Степняк қаласында балалардың ойын-сауық орталығын ашу жоспарланып отыр.

Бұл туралы облыстық кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметінен хабарлады.
4,5 миллион теңгеге бағаланған бұл жобаны қолға алған жергілікті кәсіпкер Борис Курган қала паркін абаттандырып, инфрақұрылымын дамытуды ұсынған көрінеді.
Кәсіпкер осында кеңес заманынан бері қаңтарылып тұрған «Як-40» ұшағын жөндеп, балалар дәмханасын ашуды көздеп отыр. Сондай-ақ, мұнда әр түрлі ойындар ұйымдастыру, қолданбалы өнер көрмесі мен жәрмеңкелер өткізу қарастырылуда.