Ақмола облысында жалған емшінің үстінен қылмыстық іс қозғалды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында алаяқтық жасаған жалған емші қылмыстық жауапкершілікке тартылды.
None
None

Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

Полицейлердің мәліметі бойынша Көкшетау қалалық ІІБ кезекшілік бөліміне И. есімді азаматша арызданған. Зардап шегушінің сөзіне қарағанда белгісіз «емші» оның алаяқтық жолмен барлығы 190 мың теңге көлеміндегі ақшасымен бірге, алтын бұйымдарын жымқырып кеткен. Кейін тағы бір қала тұрғыны аталған «емшіден» 80 мың теңге көлемінде зардап шеккені жөнінде хабарласқан.

Жедел іздестіру шарасы барысында алаяқ күдікті 1982 жылғы Көкшетау қаласының тұрғыны екені анықталды. Ол аңқау адамдарды емдеймін деп сеніміне кіріп алып, кейін ақша немесе алтын бұйымдарын алып тайып тұратын көрінеді.

Қазіргі кезде күдіктінің үстінен ҚР ҚК 190-бабының 1-бөлімі (алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Соңғы жаңалықтар