Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Ақмола облысында жаңа бизнес орталығы ашылды

КӨКШЕТАУ.ҚазАқпарат - Ақмола облысында жаңа бизнес орталығы ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Ақмола облысында жаңа бизнес орталығы ашылды

Тәуелсіздіктің 25 жылдығы аясында қолға алынған «Аида» бизнес орталығының ашылу салтанатына Шортанды ауданының әкімі Гүлнұр Сәдуақасова қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

null  

Бизнес орталық Шортанды кентінің орталығында орналасқан. Аумағы 340 шаршы метр ғимаратта дәмхана, нотариат, сауда кеңсесі, сән салоны және мерекелерді ұйымдастыру тәрізді агенттік қарастырылған.

«Бизнес орталықтың ашылуы өңірде кәсіпкерліктің дамуына септігін тигізетін болады. Сондай-ақ, ауданның инвестициялық тартымдылығын көрсетеді», деп атап өтті аудан әкімі құттықтау өз сөзінде.

null null