18:15, 29 Наурыз 2021 | GMT +5
Ақмола облысында жоғалған әйелдің денесі орманнан табылды
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында 20 күн бұрын жоғалған 50 жастағы әйелдің өлі денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, Б.К.Уаисованың із-түзсіз жоғалғандығы туралы 8 наурызда Бурабай ауданының ПБ кезекші бөліміне ағасы хабарлаған. Осыған байланысты наурыздың 9-да полиция қызметкерлері мен еріктілер және қоғам өкілдері жедел-іздестіру іс-шараларын қолға алды.
«Нәтижесінде наурыздың 27-де Бурабай көлінің сол жағалауындағы «Оқжетпес» шипажайы аумағындағы орман алқабында оның денесі табылды. Онда күш қолданудың белгілері байқалмады. Қазіргі кезде сот-медициналық сараптамасы тағайындалды», - деді ведомстводан.