Ақмола облысында жол апатынан 4 адам мерт болды
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысы аумағы арқылы өтетін "Екатеринбург-Алматы" тас жолының бойында болған жол апатынан 4 адам көз жұмды.
Бұл туралы "ҚазАқпарат" ХАА-ның тілшісіне "Қазавтожол" РМК диспетчер бөлімінен хабарлады.
"Жол-көлік оқиғасы наурыздың 24-і күні кешкі сағат 18:20 шамасында "Екатеринбург-Алматы" тас жолының 1161 шақырымында, яғни, Астрахан ауданының Петровка селосының маңында орын алған. Астанаға бағыт алған "Форд Транзит" көлігі "Лада 21703 13933" жеңіл көлігімен соқтығысқан. Салдарынан соңғы көліктің 1983 жылғы жүргізушісімен бірге үш жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Ал, "Форд Транзит" көлігінің 1956 жылғы жүргізушісі мен үш жолаушысы түрлі дене жарақатымен Астрахан аудандық ауруханасына жатқызылды", - делінген хабарламада.
Қазіргі кезде жол-көлік оқиғасына байланысты тексеріс жүргізілуде.