Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Ақмола облысында «Жол картасы» шеңберінде бөлінген қаражаттың 3 миллиард теңгесі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарын дамытуға бағытталған

АСТАНА. Қыркүйектің 29-ы. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Жылумен және сумен жабдықтауды үнемі қамтамасыз ету Ақмола облысында тұрақты назарда ұстауды қажет етеді және  өзекті мәселелердің бір болып отыр.

Ақмола облысында «Жол картасы» шеңберінде бөлінген қаражаттың 3 миллиард теңгесі тұрғын үй-коммуналдық  шаруашылық нысандарын дамытуға бағытталған

Осыған орай «Жол картасы» шеңберінде бөлінген қаражаттың 50 пайызы яғни 3 миллиард теңгесі тұрғын үй-коммуналдық  шаруашылық нысандарын дамытуға бағытталған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қабылданып жатқан шаралар көптеген коммуналдық нысандарды ретке келтіруге мүмкіндік береді. Атап айтқанда, Көкшетау қаласында, Атбасар, Ақкөл, Астрахан, Есіл, Ерейментау, Щучье, Целиноград  аудандарының орталықтарындағы жылу қазандықтары мен желілеріне жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Қатарында Көкшетау және Сепногор қалалары бар, тұрғындары 200 мыңнан асатын 7 елді-мекеннің халқын сапалы ауыз суымен қамтамасыз ету үшін жағдай жасалатын болады. Осыған сәйкес республикалық бюджеттен 305-ші төбеден Степногор қаласына дейінгі 6 шақырымдық магистралды су құбыры желісін қайта қалпына келтіруге 300 миллион теңге бөлініп отыр. Бұл облыстағы ірі өндіріс орталығына тұрақты су берумен қатар аймақтағы күрделі мәселелердің бірін шешуге септігін тигізеді.

Бүгінгі таңда облыстағы  44 нысанның 16-сы іске қосылса, оның 8-і Көкшетау қаласын жылумен жабдықтайтын кәсіпорындардың дайындығын қамтамасыз ету бойынша жобалар болып отыр.

Жалпы «Жол картасы» аясында 16 қазандыққа, 40 шақырымнан астам жылу жолына, 38 шақырым сумен жабдықтау және  кәріз желісіне жөндеу жұмыстары жүргізіледі.