Ақмола облысында жол-көлік апатында 5 адам опат болды

АСТАНА. Қаңтардың 12-сі. ҚазАқпарат – Көкшетау-Омбы тас жолының 17-ші шақырымында, Ақмола облысында ірі жол апаты орын алды.
None
None
«Фольксваген-Гольф», «Фольксваген-Туарег» және «ВАЗ» көліктерінің соқтығысуы салдарынан 5 адам - «Фольксваген-Гольф» көлігінің жүргізушісі мен төрт жолаушысы опат болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Оқиға кеше, қаңтардың 11-і күні күндіз орын алған. «Туарег» көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы ауруханаға жатқызылса, «Жигулидің» жүргізушісі мен жолаушылары медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйлеріне қайтарылды.
Соңғы жаңалықтар