15:44, 21 Ақпан 2018 | GMT +5
Ақмола облысында жолаушылар автобусы өртенді
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында жолаушылар автобусынан өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аймақтық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 20 ақпан күні сағат 13:17-де Астрахан селосындағы автовокзал аумағында болған.
«Астана-Астрахан» бағытында қатынайтын «Neoplan» маркалы жолаушылар автобусында өрт шықты. Өрттің аумағы 1 шаршы метрді құрады. Зардап шеккендер жоқ», - деді ТЖД баспасөз хатшысы Нұрбек Мусин.
Қазіргі кезде, өрттің себеп салдары анықталуда.
Фото: © AP Photo / Leo Correa