Ақмола облысында жоспарланған бір жарым жылдық шөп қоры толық жиналып болды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында жоспарланған 1,5 жылдық шөп қоры толық жиналып болды. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА-ның тілшісіне облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының диспетчерлік бөлімі хабарлады.

Ақмола облысында жоспарланған бір жарым жылдық шөп қоры толық жиналып болды

«Биыл өңірде 1600,6 мың тонна, яғни бір жарым жылдық шөп қорын дайындау жоспарланса, бүгінгі күнге дейін 1606,1 мың тонна шөп дайындалып, маяланды.

Бұл - қолда бар мал үшін қажетті бір жарым жылдық жем-шөп қорының 100,3 пайызы. Осылайша, облыс науқанды мерзімінде толық аяқтап отыр», деп көрсетілген хабарламада.