Ақмола облысында жыл басынан бері 202,3 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында жыл басынан бері барлығы 202,3 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.
Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Пайдалануға берілген 202,3 мың шаршы метр тұрғын үйдің 183,5 мың шаршы метрі жеке меншік құрылыс үлесінде. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 144,5 пайызды құрап отыр.
Осы аралықта облыс бойынша тұрғын үй құрылысына 17,7 миллиард қаржы бөлінген. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 26,8 пайызды болды. Тұрғын үй құрылысына тартылған инвестиция көлемі 13,2 пайызды құрады.
Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің көлемі Көкшетау қаласында (80,1 пайыз), Ақкөл ауданында (39,1 пайыз), Зеренді ауданында (36,2 пайыз) және Целиноград ауданында (35,5 пайыз) болды.
Оның ішінде Көкшетау қаласының үлесі 88,8 мың шаршы метр немесе 43,9 пайыз және Целиноград ауданында 56,4 мың шаршы метр немесе 27,9 пайызы болып отыр.
Жалпы, облыс бойынша 1741 пәтер пайдалануға берілді. Оның 45,8 пайызы қала және 54,2 пайызы ауылдық жерлерде.