Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Ақмола облысында жыл басынан бері 2081 сәби дүниеге келді

КӨКШЕТАУ. Сәуірдің 29-ы. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облысында ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында 2081 сәби дүниеге келген,

Ақмола облысында жыл басынан бері 2081 сәби дүниеге келді

бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 44 нәрестеге кем, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық статистика департаментінің деректеріне сілтеме жасап.

Осы уақыт аралығында 1515 адам өмірден озған, ол өткен жылға қарағанда 25-ке көп. Бүгінде өңірде 738 мың 804 адам тұрып жатса, олардың 54,8 пайызы ауылдық жерлерде тұрақтаған. Жыл ішінде 748 жаңа шаңырақ құрылып, 311-і ажырасып тынған, өткен жылы сәйкесінше 694 пен 296-ға тең болды.