Ақмола облысында жыл басынан бері 709 қылмыстық оқиға тіркелді

КӨКШЕТАУ. Наурыздың 2-сі. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облыстық ішкі істер басқармасының деректеріне сәйкес ағымдағы жылдың қаңтар-ақпан айында өңірде 709 қылмыстық оқиға тіркелген, бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 21,4 пайызға төмен,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Жыл ішінде қылмыстың алдын алуға бағытталған оң шаралар нәтижесінде қоғамдық орталарда тәртіп бұзушылық 4,5 пайызға, соның ішінде Көкшетау қаласында 33,2 пайызға, Атбасар ауданында 50 пайызға азайғандығы тіркеліп отыр. Сонымен қатар облыс орталығында ұрлық жасау 40-тан 27 оқиғаға кеміген. Өткен аптада Алматы-Ектеринбор күре жолы бойында «КамАЗ» жүк көлігіне қарулы шабуыл жасаған үш қылмыскер ұсталды. Олар Егіндікөл ауданының жастары болып шықты. Қазір тергеу амалдары қарастырылуда. Көкшетау қаласында сегіз жасар баланың өліміне қатысты іздестіру шаралары жалғастырылуда. Оны анықтауды жеделдету мақсатымен облыс әкімі ақпараттық хабарлама үшін бір миллион теңге сыйақы тағайындады. Жыл басынан бері есірткі саудасы мен сақтауға қатысты 4 оқиға тіркеліп, есірткі қылмысымен байланысты 75 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Соңғы жаңалықтар