Ақмола облысында жылқы ұрлаумен айналысқан күдіктілер қолға түсті

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында жылқы ұрлаумен айналысқан күдіктілер қолға түсті.
None
None

Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

Полицейлердің мәліметі бойынша, 2012 жылдың желтоқсан айында Ақкөл аудандық ІІБ жергілікті тұрғын хабарласып, 15 бас жылқының жоғалып кеткенін айтып шағымданған. Бұл ақшамен есептегенде 2 миллион 500 мың теңге көлемінде шығын.

Осы оқиғаға байланысты ҚР ҚК 175-бабының 3-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалады, кейін араға 3 жылға жуық уақыт салып, ағымдағы жылдың тамыз айында 1967 жылғы күдікті қолға түседі. Тергеу амалдары барысында ол өз қылмысын мойындайды.

Қазіргі кезде күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, оның өзге де осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда.

Сонымен қатар жақында, Есіл аудандық ІІБ жергілікті азаматша хабарласып, шарбақтағы 3 бас жылқы мен 1 бұқасының жоғалғанын айтып шағымданған. Оқиға орнына дереу жеткен аудандық ІІБ қызметкерлері жедел-іздестіру шарасы барысында «Эльза» атты иісшіл иттің көмегімен 1987 жылғы күдіктіні анықтайды. Кейін оның 1 ғана жылқыны ұрланғаны белгілі болады. Ал қалған екі жылқы мен бір бұқа ауыл сыртында жайылып жүрген болып шықты. Осыған байланысты күдіктінің үстінен ҚР ҚК 188- бабының 1-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Соңғы жаңалықтар