Ақмола облысындағы кеніште қаза тапқан ер адамның денесін заңсыз кен қазушылар жыраға лақтырып жіберген

АСТАНА. ҚазАқпарат - Атбасар қаласы тұрғынының Жолымбет ауылында мерт болуына байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары аясында қылмыс туралы жаңа ақпараттар пайда болды, деп хабарлайды Ақмола облысы ІІД баспасөз қызметі.
None
None

«9 шілде күні Шортанды полиция бөлімінің қызметкерлері Атбасар қаласының 35 жастағы тұрғынының өліміне байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Полиция ер адамның жұмыс істемейтін кен шахтасына түсу кезінде құлап кетіп, жарақат алғанын, оқиға орнында қаза тапқанын анықтады. Оқиға 7 шілде күні болған», - делінген хабарламада.

Полиция қызметкерлері тергеу жұмыстары кезінде қосымша мәліметтерді анықтады. Бірнеше адам марқұмның оқыс құлауына куә болып, мәйітті жер бетіне шығарған. Автокөлікке салып, ауыл сыртындағы жыраға лақтырып кеткен. Сонда да олар жауапкершіліктен құтылған жоқ.

«Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері алдын ала келісіп, мәйітті лақтырған жандарды анықтауда. ҚР ҚК 314-бабы, 2-бөлімі «Марқұм денесін қорлау» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер ұсталды», - деп жазылған хабарламада. 

Соңғы жаңалықтар