Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Ақмола облысындағы көшпелі отырыста агроөнеркәсіп кешеніне инновациялық технологияларды енгізу тақырыбы талқыланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 5 маусымда Президенттің «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» Қазақстан халқына Жолдауы аясында агроөнеркәсіп кешеніне инновациялық технологияны енгізу» тақырыбы бойынша Ақмола облысында Парламенті Сенаты «Өңір» депутаттық тобының көшпелі отырысы болды.

Ақмола облысындағы көшпелі отырыста агроөнеркәсіп кешеніне инновациялық технологияларды енгізу тақырыбы талқыланды

Бұл туралы ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.

Отырысты ашқан Парламенті Сенаты «Өңір» депутаттық тобының жетекшісі Михаил Бортник Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің экономикалық саясатының негізгі бағыттары белгіленгеніне назар аударды. Бағдарламалық құжатта Елбасы еліміздің азық-түлік қауіпсіздігі мәселелерін шешуге мүмкіндік беретін дағдарысқа қарсы жаңа шаралардың бірі ретінде агроөнеркәсіп кешенін мемлекеттік қолдауды ұлғайту қажеттігін атап өтті.

«Табиғи жағдайларға, энергиямен жабдықталуға, мемлекеттің қаржылай қолдауының көлеміне, бәсекелестіктің әсеріне байланысты - осы және басқа да көптеген мәселелер бәрі, әсіресе, қазіргі кездегі ЕАЭО аясында және Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына енуі қарсаңында біздің ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге әсер етеді. Сондықтан инновациялық технологияны енгізу мәселелері Қазақстанда қазіргі заманғы бәсекеге қабілетті агроөнеркәсіп кешенін қалыптастыруға мүмкіндік береді», - деді сенатор.

Агроөнеркәсіп кешенін дамыту туралы Ақмола облысы әкімінің бірінші орынбасары Қ.Отаров, агроөнеркәсіп кешенін инновациялық технологияны енгізу мәселелері жөнінде ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Е.Көшербаев, «Аграрлық зерттеулер университеті: білім беру мен ғылымға қазіргі көзқарастар» тақырыбы бойынша С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті басқармасы төрағасының орынбасары С.Могильный, сондай-ақ ауыл шаруашылығы мекемелерінің жетекшілері сөз сөйледі.

Көшпелі отырыс аясында сенаторлар «Астрахань бройлер құс фабрикасы» ЖШС-де және көпсалалы «Бастау» ЖШС-де болып, өндіріске инновациялық технологияның енгізілуімен танысты.