Ақмола облысындағы жол-көлік апатынан зардап шеккен баланы туған нағашысы таныды
АСТАНА. 22 тамыз. ҚазАқпарат - Ақмола облысында 19 тамыздағы ірі жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккен баланы нағашысы Андрей Лутц таныды. Бұл жайында ҚазАқпаратқа Ақмола облысы ІІД жол-көлік оқиғаларын тергеу бөлімінің бастығы мәлім етті.
Аталған апаттан кейін жарақатынан Астанадағы ауруханалардың біріне жеткізілген еді. Бастапқыда жеткіншек өзін Дәурен деп таныстырып, 4 жаста екенін айтқан. Яғни, оның толық аты-жөнін білу қиынға түскен еді. Оның жағдайы тұрақтанғаннан кейін бала Астанадағы екінші балалар ауруханасына ауыстырылды.
Белгілі болғандай, жеткіншектің аты-жөні Андрей Хан екен. Ол аталған апатты автобуста қаза болған анасы Татьяна Лутцпен бірге келе жатқан көрінеді. Зардап шеккендер Аршалы елді мекенінің тұрғындары.
Нағашысы баланы Интернеттегі хабарламалар арқылы біліп, ауруханаға келгеннен соң, оны таныған және содан кейін қайтыс болған әпкесін де таныды.
Естеріңізге сала кетейік, 19 тамызда сағат 20:50 кезінде Алматы-Екатеринбург жолының 1309 шақырымында ірі жол-көлік апаты болды. Соның салдарынан 16 адам қаза борлып, 20-дан астамы түрлі деңгейде жарақат алды. Қазіргі кезде қайтыс болған бір әйелдің аты-жөні белгісіз болуда.