Ақмола облысының әкімі жылдың әлеуметтік-экономикалық қорытындысы турасында есеп берді

КӨКШЕТАУ. Ақпанның 6-сы. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров\ - Ақмола облыстық мәслихатының кезекті сессиясында облыс әкімі Альберт Рау өткен жылдың әлеуметтік-экономикалық қорытындысы турасында есеп берді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Өңір жұртшылығы өкілдері қатысқан жиынға ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік нұсқаушысы Нұржан Әшімбетов қатысып, бірқатар мәселелер жайында ойымен бөлісті. Облыс басшысы атап көрсеткендей, өткен жыл дамуының негізгі бағыттары ретінде агроөнеркәсіптік кешенді, Астананың азық-түлік белдеуін құруды, индустриялық кешенді, шағын және орта бизнесті, кәсіпкерлікті қолдауды, коммуналдық саланы және өмірлік маңызы бар инфрақұрылымды, жоғары деңгейлі білім беруді және медициналық қызмет ұсынуды қарастырылған болатын. Солардың басым бөлігі мақсатты шешімін тауып отыр. Жыл ішінде үш жарым миллион тонна деңгейінде астық жиналып, Астана қаласы айналасында азық-түлік белдеуін құру аясында қаржылық институттарда 16,3 миллиард теңге сомаға 59 жоба мақұлданды. Сонымен қатар жыл сайын аталған жобаны жүзеге асыру үшін 10-15 миллиард теңге инвестиция тарту жоспарланып отыр. Индустриялық-иновациялық даму стратегиясы негізінде 240 миллиард теңгеге 45 жоба жүзеге асырылуда. Тек өткен жылы екі жарым миллиард теңгенің 11 жобасы шешімін тапты. Жылдық бюджет шығынының 21 пайызы денсаулық сақтау саласына жаратылды. Жыл ішінде 8 орта мектеп пен 7 балабақша құрылысына 4,5 миллиард теңге жұмсалды. Бүгінде аймақтағы жұмыссыздық деңгейі 0,7 пайыздан 0,5 пайызға төмендеген. Өңір басшысы қазіргі әлемдік дағдарысқа қатысты қолға алынып отырған бірқатар шараларды тарқатып, сол бағыттағы жүзеге асырылуға тиісті ойларын ортаға салды. Жылдың есепті жиынында сөз алған облыстық Мәслихаттың депутаттары, кәсіпкерлер мен бюджеттік сала қызметкерлері, зейнеткерлер алдағы күнге үмітпен қарайтындарын білдіріп, облыс әкімінің алға қойған мақсатты ісін жүзеге асыруға жаппай атсалысатындықтарын білдірді.
Соңғы жаңалықтар