Ақмола облысының атқамінерлері Астанаға тиісті жер телімдерін таратқан

АСТАНА. 3 маусым. ҚазАқпарат - Ақмола облысында элиталық жер учаскелерін заңсыз үлестіру бойынша жанжал туындады.
None
None

Бұл туралы «Экспресс-К» газеті 2013 жылдың 1 маусымындағы 96-шы нөмірінде жазып отыр.

Облыстық прокуратураның мәліметінше, Қоянды ауылдық округінің әкімі тұрғын үйді салу үшін бір қоғамдық бірлестікке 1,5 гектар жер ұсынған. Алайда лауазымды тұлғаның қалауынша жерді таратуға құқығы жоқ, бұл тек бәссауда арқылы іске асуы тиіс.

Сот бұл мәмілені жарамсыз деп тапты, ал әкім прокуратураның ұсынысымен жемқорлығы үшін жұмыстан шығарылды.

«Бұл Целиноград әкімдігінде тіркелген бір жайт емес, - деп нақтылады прокуратурадан. - Өткен жылы «Д» ЖШС-не Астана қаласын салуды реттеу аймағынан 5 шақырым жердегі 218 гектар учаске берілген. Аталмыш жер телімі қарқынды даму жолына түскен елордаға қор ретінде есептеледі. Үкіметтің тапсырмасымен жер учаскелері 2011 жылы рәсімделуі тиіс еді. Бірақ Целиноград ауданы бұл тапсырманы орындамаған.

Прокурорларға жергілікті шенеуніктер заңсыз таратқан құны 519 548 669 теңге, аумағы 10 666 гектар 17 жер учаскесін сот арқылы қайтарып алуға тура келді. Қадағалаушы ведомствоның өкілдері облыс әкіміне пара үшін жерді таратқан жауапты тұлғаларды қылмыстық жауапкершілікке тарту бойынша нұсқама жолдады.

Соңғы жаңалықтар