Ақмола облысының екі ауданында ер адам мен бала суға кетті
АСТАНА. 5 маусым. ҚазАқпарат - Ақмола облысының екі ауданында ер адам мен бала суға кетті. Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі хабарлады
Щучинск қаласында 4 маусым күні сағат 10.00-де бөгетке суға түсу кезінде 63 жастағы ер адам батып кетті. Сағат 11.00-де ҚР ТЖМ Ақмола облысы бойынша ТЖД судан-құтқару қызметінің күшімен (4 адам мен 1 техника) ер адамның мәйіті судан шығарылды.
Ақмола облысының Зеренді ауданында, Бірлестік ауылының жанындағы қазаншұңқырда 3 маусым күні сағат 16.00-де шомылу кезінде 10 жасар бала батып кетті. Сағат 23.55-те жергілікті тұрғындардың көмегімен баланың мәйіті жағаға шығарылды.