Ақмола облысының ІІД жаңа басшысы тағайындалды

АСТАНА. 29 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР ІІМ бірінші орынбасары, полиция генерал-майоры Марат Демеуов Ақмола облысының ішкі істер департаменті ұжымына облыстық полицияның жаңа басшысын таныстырды.

Ақмола облысының ІІД жаңа басшысы тағайындалды

Бұл туралы Ақмола облысы ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

Қазақстан Республикасы ІІМ 2013 жылғы 29 қазандағы бұйрығымен Ақмола облысы бойынша ІІД жаңа бастығы қызметіне полиция генерал-майоры Халықұлы Жайлаубек тағайындалды.

Халықұлы Жайлаубек 1963 жылы 10 шілдеде Алматы облысы Қаскелең ауданы Шамалған ауылында туған.

Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген (1994), мамандығы - «Заңгер»; ҚР ІІМ Академиясының басшы құрамын дайындау факультетін (2002) бітірген.

Ішкі істер органдарындағы қызметін 1989 жылы бастаған. Халықұлы Жайлаубек батальон инспекторы қызметінен бастап, Қазақстан Республикасы ішкі істер министрінің кеңесшісі лауазымына дейін әр түрлі қызметтерді атқарған.