Ақмола облысының Қосшы ауылында жол апаты салдарынан ер адам қаза тапты

АСТАНА. 31 қазан. ҚазАқпарат - Целиноград ауданының Қосшы ауылында «Лада-Гранта» автокөлігі аударылып қалды. Бұл туралы Ақмола облысы ІІД баспасөз қызметі хабарлайды.

Ақмола облысының Қосшы ауылында жол апаты салдарынан ер адам қаза тапты

Апат орнына жедел топ келіп жетті. Жол-көлік оқиғасының салдарынан 55 жастағы ер адам жедел жәрдем көлігі келіп жеткенге дейін көз жұмды.

Аталған факті бойынша тергеу жүргізілуде.