Ақмола облысының санитарлық эпидемиологиялық ахуалы оң бағасын алды

КӨКШЕТАУ. Ақпанның 10-ы. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облыстық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының есепті жиынында жылдың қорытындысы сарапталып, алдағы күндердің басым бағыттары әңгіме арқауына айналды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Облыстың бас санитарлық дәрігері Александр Еремеевтің айтуынша, жыл ішінде 11 мыңға тарта тексеріс жүргізіліп, заңсыздыққа жол берген 6637 нысан анықталып, 5759-ына жалпы сомасы 30 миллион теңге айыппұл салынған. Сонымен қатар 99 кәсіпорын жұмысын тоқтатуға тура келген. Бұрнағы жылмен салыстырғанда ішек ауруы 9,2 пайызға, сальмонеллез-18 пайызға, вирусты геппатит-2,2 есеге азайғандығы тіркелген. Вирусты «А» гепатитіне қарсы вакцина алуға бюджеттен 44 миллион теңге қаржы қарастырылып, 22247 мөлшерлі вакцина сатып алынған. Тұмау дертіне қарсы күресті қамтамасыз ету мақсатымен бюджеттен 26 миллион теңге бөлініп, алдын алу шаралары шешімін тапқан. Сонымен бірге елді мекендердегі ауызсу сапасын тексеріп отыру, мектептерде ыстық аспен қамтамасыз ету, санитарлық талапқа сай келмейтін сауда орындарын назарда ұстау, аймақ базарларында санитарлық жағдайды қадағалау жүйелі шешімін тауып отыр.
Соңғы жаңалықтар