Ақмола және Қарағанды облыстарында көлік қозғалысы қайта ашылды
АСТАНА. KAZINFORM – 8 қараша сағат 20:00-де республикалық маңызы бар бірқатар автожолдарда көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс қайта ашылды, деп хабарлайды ҚазАвтоЖол.
Ақмола облысы:
«Астана — Қарағанды — Алматы» автожолының 30-92 шақырым аралығындағы учаске (Жібек Жолы ақы алу пунктінен Қарағанды облысының шекарасына дейін) қозғалысқа ашылды.
Қарағанды облысы:
«Астана — Қарағанды — Алматы» автожолының 92-164 шақырым аралығындағы бөлігі (Ақмола облысының шекарасынан Теміртау ақы алу пунктіне дейін) бойынша да көлік қозғалысы толық қалпына келтірілді.
Айта кетейік, қосымша ақпарат пен жол жағдайы туралы мәліметті тәулік бойы жұмыс істейтін 1403 бірыңғай байланыс орталығынан білуге болады.
Бүгін қалың қар мен көктайғақ салдарынан Өскеменде жол апаты 4 есе артты.