Ақмола және Солтүстік Қазақстан облысының қорғаныс істері бойынша департаменттерде заңбұзушылықтар анықталды

Онда 2015 жылдың 6 айындағы қылмыс пен тәртіп жайы қаралды, деп хабарлады әскери институттың баспасөз қызметінен.
«Гарнизондағы криминогендік жағдай тұрақты. Қылмыс деңгейі өткен жылғы дәрежеде. Әскерилерді әкімшілік жазаға тарту оқиғасы 7-ден 1-ге дейін төмендегені аталып өтілді. Суицид фактісі тіркелмеді. Прокурорлық әрекет актілері бойынша мемлекет бюджетіне 15 млн. теңге өндірілді. 505 410 теңге сома көлемінде әкімшілік айыппұл өндірілді», - делінген хабарламада.
Бірінші жартыжылдықта Петропавл гарнизонының әскери прокуратурасы өз бақылауындағы әскери бөлімдер мен мекемелерде денсаулық сақтау заңын пайдалану бойынша төрт тексеріс жүргізді. Сонымен қатар әскери қызметкерлердің тамағын дайындаумен айналысатын 4 субъект қызметі тексерілді.
Денсаулық сақтау саласы бойынша тексеріс нәтижесінде заңбұзушылықтар анықталды. Оларды жою үшін 7 ұсыныс енгізілді. Оларды қарастыру кезінде 19 тұлға тәртіптік жауапкершілікке, 12 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Солардың ішінде фирмалардың өкілдері бар. 436 мың теңге көлемінде әкімшілік айыппұл өндірілді.
Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстық қорғаныс істері бойынша департаменттерде (басқармалар, бөлімдер) жұмыстарды ұйымдастыру бойынша ақаулықтар бар екені, лауазымды тұлғалар заңда көрсетілген талаптарды бұзғаны анықталды, делінген хабарламада.