Ақмолада 8 мыңға жуық жұмыс орны ашылды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында 8 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылды. Бұл туралы облыстық мәслихат депутаттары алдында өткен есептік кездесуінде аймақ басшысы Мәлік Мырзалин атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмолада 8 мыңға жуық жұмыс орны ашылды

Аймақ басшысының айтуынша, өңірде шағын және орта бизнесті дамыту бойынша шағын несие беру көлемі 4 миллиард теңгеге ұлғайды. Оның 1 миллиард теңгеден астамы Мемлекет басшысының бес әлеуметтік бастамасы шеңберінде. Жеңілдетілген несие 800-ден астам адамға берілсе, оның көпшілігі ауыл тұрғындары. 

«Қолдау нәтижесі ретінде 3,5 мың адам кәсіпкерлікпен айналысу мүмкіндігін алды. Салық түсімі 6 пайызға артты», - деп атап өтті М.Мырзалин.