Ақмолада сотталғандардың 65 пайыздан астамы ревакцина жасады

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Арнайы контингент арасында вирустық аурудың өршуіне жол бермеу мақсатында Ақмола облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің ЕЦ-166/4 мекемесінде ревакцинация қарқынды жүріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмолада сотталғандардың 65 пайыздан астамы ревакцина жасады

Ақмола облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгінгі таңда колониядағы сотталғандардың 65 пайыздан астамы қайта вакцинацияланды.

Бұл процедураны Атбасар ауданаралық көпсалалы ауруханасының медициналық персоналы жүргізіп жатыр.

«Бұған дейін сотталғандар арасында вакцинациядан өту қажеттігі туралы ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Онда жазасын өтеп жатқандарға иммунитетті нығайту, егпе алу тиімділігі айтылды. Осы күні Ақмола облысында сотталғандардың 65 пайыздан астамы ревакцинацияланды», - деп атап өтті ведомствоның баспасөз хатшысы Ирина Горнова.

Мобильді медициналық бригада өз жұмысын сотталғандарды термометриядан тексеру және аллергиялық реакциялардың бар-жоғын анықтаудан бастады.

Сотталғандар екпе алмастан бұрын оған келісім беруге немесе бас тартуға арналған құжаттарды толтырады.

«Сотталғандар арасында қайта вакцинациялауға ниет білдірушілер өте көп, қызметкерлер жақсы ақпараттық жұмыс жүргізді. Процедурадан кейін сотталғандар 30 минут біздің дәрігердің бақылауында болады. Оларға вакцинациядан кейінгі шектеу талаптары, мүмкін болатын реакция түсіндіріліп, медициналық бөлімге жүгіну туралы ұсыныстар беріледі», - деп толықтырды Ирина Горнова.


Ауа сапасы
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін қай қалаларда ауа сапасы төмендейді