Ақмолалық кәсіпорын «ЭКСПО-2017» нысандарына қажетті табиғи құрылыс материалдарын өндіруде (ФОТО)

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Шортанды ауданындағы «TURAN INDUSTRY» ЖШС-і «ЭКСПО-2017» нысандарына қажетті табиғи құрылыс материалдарын өндіруді қолға алып отыр. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА-нің тілшісіне кәсіпорын директорының міндетін атқарушы Мұрат Мурдинов мәлім етті.
None
None

Оның айтуынша, жақында іске қосылған кәсіпорынның табиғи өніміне өңірде сұраныс артып отыр. «Біздің кәсіпорынның негізгі жұмысы табиғи тастардан (травертин, мәрмәр, гранит) қаптауыш тақталар сияқты құрылыс материалдарын шығаруға бағытталған. Цехта барлығы 21 адам еңбек етеді. Жұмыс процесі толық автоматтандырылған. Осы мақсатта 50 миллион теңгеден астам қаржыға қазіргі заманғы қытайлық құрал-жабдықтар сатып алып, орнаттық. Кәсіпорын «ЭКСПО-2017» нысандарына қажетті табиғи құрылыс материалдарын өндіретін болғандықтан әрі Астана қаласының іргесінде орналасқандықтан өнімге сұраныс жоғары», - дейді Мұрат Мурдинов. Еске сала кетсек, Елордадан 30 шақырым қашықтықта орналасқан өндіріс цехының аумағы 1000 шаршы метрді алып жатыр. Цех құрылысы «TURAN INDUSTRY» ЖШС-нің өз қаражатына 232 миллион теңге салынып отыр. Кәсіпорын жылына 365 мың шаршы метр қаптауыш тақталар және 50 мың тонна өзге де өнім шығаруды жол қойып отыр. Алдағы 2012-2016 жылдары осында пеноблок кірпіштерін шығаратын зауыт салу да жоспарда бар. Сол кезде жұмысшылар саны 80 жеткізілмек.

Соңғы жаңалықтар