11:20, 12 Қаңтар 2010 | GMT +5
Ақмолалық кеденшілер өткен жылы бюджетке 14 миллиард теңгеге жуық қаржы құйды
КӨКШЕТАУ. Қаңтардың 12-сі. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облысы бойынша кедендік бақылау басқармасы өткен жылы бюджетке салық және басқа да төлемдер негізінде 14 миллиард теңге төңірегінде қаржы құйып, тапсырманың 1,2 пайызға асыра орындалуын қамтамасыз еткен,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі басқарма баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өңірдің жыл ішіндегі сыртқы экономикалық тауар айналымы 1,63 миллиард долларды құраса, оның 870 миллион доллары сырттан жеткізілген тауарлар мен жаңа техника болып табылады. Өңірден алыс және жақын шет елдерге астық, табиғи уран, подшипник, кен мен бағалы металдар жөнелтіліп келеді. Жыл ішінде басқарма құқық қорғау жүйесі қызметкерлері заңсыздықтар бойынша 8 қылмыстық және 152 әкімшілік іс қозғап, 1 миллион теңге көлемінде айыппұл өндіріп алды. Әкімшілік жауапкершілікке тартуға орай 3 миллион теңге төңірегінде қаржы қайтарылды. Сонымен қатар есірткіге қатысты 5 оқиға анықталып, заңсыз айналымнан салмағы 116 келі 370 грамм есірткі заттары тәркіленді.