Ақмолалық оқушы республикалық «Ақберен» байқауында оқу грантын жеңіп алды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен Түркістан қаласында 2-ші республикалық «Ақберен» байқауы өтті.
None
None

Байқауға еліміздің әр өңірінен 8-11 сыныпта оқитын дарынды оқушылар қатысты.Олардың арасында ақмолалықтар да болды. Жерлестеріміз «Айтыс» ақындық өнер, «Сөз шеберлігі», «Мәнерлеп оқу», «Ұлттық аспаптарда ойнау», «Шығарма» және «Мүшәйра» тәрізді алты номинация бойынша өз шеберліктерін ортаға салды.

Қазылар арасында айтыскер ақын Аманжол Әлтаев, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің оқытушысы, филология ғылымдарының докторы, ақын Жанат Әскербекқызы, филология ғылымдарының кандидаты Қарлығаш Сарекенова сияқты танымал тұлғалар болды.

Ақмола облысының барған оқушылар өздерін жақсы қырынан танытып, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізді. Байқау қорытындысына сай Қорғалжын ауданының Сабынды орта мектебінің 8-сынып оқушысы Дархан Ақжүнісов «Сөз шеберлігі» номинациясы бойынша 1-орын, Майшұқыр негізгі мектебінің 8-сынып оқушысы Толқын Амангелдинова «Мәнерлеп оқу» номинациясы бойынша 1-орын, Арықты орта мектебінің 10-сынып оқушысы Айтолқын Боранбаева «Шығарма» номинациясы бойынша 1-орын алса, қорғалжындық Мадина Рақымжанова 11-сынып оқушылары арасында Қ.Яссауи университеті бөлген 7 гранттың біреуін жеңіп алды.

Соңғы жаңалықтар