Ақмолалық полицейлер 8 жылдай іздеуде жүрген қылмыскерді Қырғызстанда қолға түсірді

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Амола облысы ІІД криминалдық полиция қызметкерлері Қырғызстан полицейлерімен бірігіп, Ыстықкөл ауданында 36 жастағы Қазақстан азаматын ұстады.

Ақмолалық полицейлер 8 жылдай іздеуде жүрген қылмыскерді Қырғызстанда қолға түсірді

«Іздеуде жүрген адам Қырғызстандағы туыстарында болған. Қырғызстан полицейлерімен өзара ықпалдастықтың арқасында Ақмола облыстық ІІД қызметкерлері қылмыскерді ұстады», - деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Айыпталушы ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлімінде (адам өлтіру) қарастырылған қылмыстық іс бойынша іздеуде жүрген. 2007 жылы ол танысын пышақтап өлтірген.

Қазір күдікті Ыстықкөл АІІБ уақытша ұстау абақтысына қамауға алынды. Оны Қазақстанға жеткізу мәселесі қарастырылып жатыр.