17:43, 24 Қараша 2014 | GMT +5
Ақмолалық самбошы А.Сүлейменов әлем чемпионы атанды
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмолалық самбошы А.Сүлейменов жапон елінде өткен Әлем чемпионатынан жеңіспен оралды.

Еске сала кетсек, қарашаның 21-23 күндері жапон елінің Нарита-Сити қаласында әскери самбодан Әлем чемпионаты өткен болатын. Осынау додаға Қазақстан атынан Әлем кубогінің иегері, ересектер арасындағы Әлем чемпионатының жеңімпазы, Азия чемпионатының жүлдегері және тағы басқа халықаралық жарыстарда ел қоржынына жүлде салып жүрген ақмолалық самбошы Алмас Сүлейменов те қатысқан еді.
52 келі салмақ бойынша боз кілемге шыққан жерлесіміз ақтық сында ресейлік Амыра Бакрасовпен белдесіп, қарсыласын айқын басымдықпен тізе бүктірді.