Ақорда Конституцияны қабылдауға арналған салтанатты шараға дайындалып жатыр

АСТАНА. KAZINFORM – Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Ақорда
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Ақордада Қазақстан Республикасының Конституциясын қабылдауға арналған салтанатты жиынға дайындық жүріп жатыр.

Айта кетелік Орталық референдум комиссиясы жаңа Конституция қабылданды деп таныды

Жаңа Конституцияны қабылдау туралы мәселенің оң шешімін жақтап, дауыс берген азаматтар саны еліміздің барлық өңірінде дауыс беруге қатысқан 7 млн 954 мың 666 адам немесе 87,15 пайыз болды.