Ақорда ҚР мемлекеттік рәміздерінің 25 жылдығына арналған архивтік видео жариялады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақорданың баспасөз қызметі өзінің Facebook-тегі парақшасында Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің 25 жылдығына арналған архивтік видеоны жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Биыл Қазақстан Мемлекеттік туы мен Елтаңбасының 25 жылдығын атап өтеді. 1992 жылғы 4 маусымда Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің он екінші шақырылымы VIII сессиясының пленарлық отырысына қатысты. Оның жұмысы барысында Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерін - Мемлекеттік ту мен Елтаңбасы қаралып, бекітілді», - делінген роликтің астындағы жазбада.

Аталып өтілгендей, Нұрсұлтан Назарбаев дәл осы күні «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы туралы», «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы туралы», «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын музыкалық редакциялау туралы» Заңдарға қол қойды. Архивтік видеоға ҚР Жоғары Кеңесінің естелік отырысындағы кадрлар енген.  

Соңғы жаңалықтар