Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті

АСТАНА. Сәуірдің 7-сі. ҚазАқпарат – Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті, онда бірқатар мәселелер қаралды,

Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті
деп хабарлайды ҚазАқпарат Мемлекет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Атом саласының жай-күйі мен оны дамыту келешегі жөнінде «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы» АҚ мен Ұлттық ядролық орталықтың басшылары баяндама жасады.Мемлекет басшысы өз сөзінде ядролық энергетиканы дамыту және ядролық технологияларды ғылым мен экономиканың әртүрлі салаларында қолдану жөніндегі әлемдік үрдістерді ескере отырып, елдің атом саласының маңызын атап көрсетті. Талқылау барысында біздің еліміз ядролық қарудан өз еркімен бас тарта отырып, ядролық технологияларды таратпау жөніндегі халықаралық міндеттемелерін қатаң сақтап келе жатқаны және экспорттық бақылау жүйесін арттыру жөнінде пәрменді шараларды жүзеге асырып отырғаны атап көрсетілді.Президент білікті ғылыми және техникалық кадрлар, дамыған өндірістік және эксперименттік базалар, минералдық шикізаттың едәуір қоры бар екенін атап өте отырып, атом саласын орнықты дамытуды және біздің ұлттық мүдделерімізді қорғауды қамтамасыз ететін жаңа жолдарды іздестіру және анықтау қажеттігін көрсетті.Мемлекет басшысы атом саласы нысандарының азаматтардың денсаулығына және қоршаған ортаның жағдайына тигізетін келеңсіз әсерін төмендетуге бағытталған қосымша шараларды қабылдау қажеттігіне ерекше назар аударды. Талқылау қорытындысы бойынша Үкіметке және кейбір мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар берілді.Келесі мәселе ауқымында Оңтүстік Қазақстан облысындағы «ҚазАрсенал» ғылыми-техникалық бірлестігі» ЖШС кәдеге жарату пунктінде оқ-дәрілердің жарылу фактілерін тексеру жөніндегі комиссия жұмысының қорытындылары бойынша баяндама тыңдалды.Қару-жарақтар мен оқ-дәрілерді сақтау мен кәдеге жарату нысандарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Үкіметке тиісті кешенді шаралар қабылдау жөнінде тапсырмалар берілді. Сондай-ақ Бас прокуратураға және Ішкі істер министрлігіне Арыс қаласында болған оқиғаны жан-жақты және толық тексеруді жедел жүргізу, оның нәтижесі жөнінде Қауіпсіздік Кеңесіне баяндау тапсырылды. Осы отырыста берілген тапсырмалардың орындалуын бақылау Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшылығына жүктелді.