Ақордада Қазақстан мен Корея Президенттері келіссөздер жүргізуде

АСТАНА. Мамырдың 13-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ – Ақордада Қазақстан Президенті Н. Назарбаев пен Корея Республикасының Президенті Ли Мён Бак келіссөздер жүргізуде,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Мемлекет басшылары қазіргі сәтте екеуара кездесуде, одан кейін ресми делегациялардың қатысуымен кеңейтілген құрамдағы келіссөздер өтеді. Келіссөздердің қорытындысы бойынша Мемлекет басшылары бірлескен мәлімдеме қабылдайды деп күтілуде. Бұдан бөлек, бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойылуы жоспарланып отыр. Соңынан Мемлекет басшыларының қатысуымен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне арнап баспасөз мәслихаты ұйымдастырылады. Айта кетейік, Корея Республикасының Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен кеше келді. Қазақстан мен Корея арасындағы дипломатиялық байланыс 1992 жылдың қаңтарында орнаған. Содан бері екі елдің арасындағы қарым-қатынас барлық салаларда қарқынды дамып келеді. 2008 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Корея арасындағы екіжақты сауда айналымы 750 млн. АҚШ долларынан астам. 1993 және 2008 жылдар аралығында яғни, 15 жылдың ішінде Кореядан Қазақстанға салынған тікелей инвестициялардың жиынтығы 3 млрд. долларды құрап отыр.
Соңғы жаңалықтар