Ақордада Қазақстан Республикасының көші-қон және демография саясаты талқыланды
және демография саясаты» тақырыбына арналған отырысы өтті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.
Отырысқа Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Т.Дүйсенова, Президент Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшелерінің және орталық мемлекеттік органдардың, Қазақстанның ғылыми-зерттеу институттарының басшылары, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардың сарапшылары қатысты.
Шара барысында сыртқы және ішкі көші-қон, демографиялық саясат Қазақстанның тұрақты дамуының маңызды факторлары екендігі атап өтілді.
Қатысушылар Қазақстанның көші-қон және демография саясатын қалыптастыру мен оны іске асырудың тиімділігін арттыруға ғылыми, сараптамалық қолдау көрсету мәселелерін егжей-тегжейлі талқылады.
Мемлекетіміздің экономикалық дамуын ескере отырып, сыртқы еңбек көші-қонын реттеу, ішкі көші-қонды оңтайландыру жөнінде арнайы ұсыныстар енгізілді.
Жұмыс қорытындысы бойынша Сараптамалық кеңес тарапынан Қауіпсіздік Кеңесі мен мемлекеттік органдар жұмысында пайдаланылатын нақты ұсыныстар берілді.