Ақордадағы келіссөздер бойынша Қазақстан мен Беларусь басшыларының бірлескен мәлімдемесі қабылданады

Онда елдер арасындағы достықты, экономикалық ынтымақтастықты, саяси байланыстарды нығайту мәселелері қамтылады. Бүгін Ақордада Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенкомен кеңеңейтілген құрамдағы келіссөздер барысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті.
«Қазақстан мен Беларусь елі арасында сауда-экономикалық ынтымақтастық қарқынды даму үстінде. Қазақстан ТМД елдері арасында Беларусь елінің Ресей мен Украинадан кейінгі үшінші сауда әріптесі», - деп атап өтті келіссөз барысында Н. Назарбаев.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы екі елді тығыз одақтастық қарым қатынастар мен екіжақты және көпжақты ауқымдағы кең байланыстар біріктіретінін мәлімдеді. «Бүгінгі келіссөздер қорытындысы бойынша бірлескен мәлімдеме қабылданатын болады, онда біздің елдеріміз арасындағы достықты, экономикалық ынтымақтастықты, саяси байланыстарды нығайтуға ұмтылыстар қамтылады», - деп атап өтті Елбасы Н. Назарбаев.