Ақпан айында «Қазцинк-Торпедо» командасының құрамы екі ойыншымен толықты
ӨСКЕМЕН. Ақпанның 17-сі. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Ақпан айында «Қазцинк-Торпедо» командасының құрамы екі ойыншымен толықты.
Бұлар - қорғаушы Дмитрий Устюжанин (Екатеринбор хоккей мектебінің тәрбиеленушісі, 1976 жылы туған) және шабуылшы Вадим Шарифьянов (Уфа хоккей мектебінің тәрбиеленушісі, 1975 жылы туған).
Устюжанин ағымдағы маусымның басынан бері Волгоградтың «Ариада-Акпарс» командасында өнер көрсетті.
Вадим Шарифьянов «Қазцинк-Торпедоға» Павлодардың «Ертісінен» келді.