Ақпанда еліміздегі ірі 4 банк акционерлерінің жалпы жиналысы өтіп, олардың акцияларын сату туралы келісімге қол қойылады - Қ. Келімбетов

АСТАНА. Қаңтардың 13-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Дағдарысқа қарсы бағдарламаны жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес, ақпан айының басында еліміздегі ірі төрт банк - «БТА» банк, «Қазкоммерцбанк», Халық банкі», және «Альянс банк» акционерлерінің жалпы жиналысы өтеді және онда олардың акцияларын сату туралы келісімге қол қойылатын болады.
None
None
Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында «Самұрық-Қазына» қорының басқарма төрағасы Қайрат Келімбетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оның айтуынша, жоспар бойынша наурызда банктердің қаржылық жағдайын бағалау жұмысын аяқтау, акцияларды сатып алу туралы шешім қабылдау, акционерлер арасында келісімге қол қойып, қарапайым, сондай-ақ артықшылықты акцияларды сатып алу көзделіп отыр. Қ. Келімбетов банктердің акциялары 2008 жылғы қазанның 24-гі, яғни мемлекеттің банктердің капиталына кіру туралы ұсынысы жарияланғаннан бір күн бұрынғы баға бойынша сатып алынатынын айтты. «Тиісті құжаттарға: меморандумды жүзеге асыру туралы келісімге, акционерлер арасындағы келісімге қол қойылады. Онда «Самұрық-Қазына» қорының банктердің капиталына кіруінің және шығуының барынша егжей-тегжейлі шарттары жазылады. Банктердің провизия резервтерінің деңгейін арттыру, жеке капиталын ұлғайту, шағын және орта бизнесті қаржыландыру, төрт жылдың ішінде акционерлерге қайта сатып алу құқығын ұсыну бөлінген ақша қаражаттарының мақсатты бағыттары болып табылады», деді Қ. Келімбетов.
Соңғы жаңалықтар