Ақпараттандыру және байланыс агенттігі телекоммуникация саласындағы терминдерді аударумен айналысады

АСТАНА. Қыркүйектің 22-сі. ҚазАқпарат /Гүлнар Жандағұлова/ - ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігі телекоммуникация саласындағы техникалық терминдерді аударуды өз міндетіне алмақ. Бұл туралы бүгін журналистерге берген сұхбатында агенттік төрағасының орынбасары Айдар Әріпханов айтты.

Ақпараттандыру және байланыс агенттігі телекоммуникация саласындағы терминдерді аударумен айналысады

«Мысалға «Қазақтелекомда», сондай-ақ «Алтелде» өз техникалық сөздііктері бар. Олар көптеген терминдерді орыс және ағылшын тілдерінен қазақшаға аударып жүр. Алайда, бұл орайда аздаған проблемалар бар, әр компания терминдерді өзінше аударуда. Сондықтан да бірізділік жоқ», - деді ол.

Ақпараттандыру және байланыс агенттігі бұл жұмыстарды бір жүйеге түсіріп, терминдерді стандартқа келтіруді көздейді. Бұл жұмысқа ғалымдар да тартылмақ.