Ақпараттандыру және байланыс агенттігінде кеңейтілген алқа отырысы өтті

АСТАНА. Қаңтардың 13-і. ҚазАқпарат /Жасұлан Жолдыбаев/ - Бүгін Астанада ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігінде алқа мәжілісінің кеңейтілген отырысы өтті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Агенттік төрағасы Қуанышбек Есекеевтің қатысуымен өткен жиында 2008 жылы елдің ақпараттық технологиялары мен «электрондық үкімет» жобасының дамытуда атқарылған жұмыстар сараланып, келесі жылдардың жоспары талқыланды. «Зерде» холдингіне енетін Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің «Телекоммуникация саласындағы техникалық сүйемелдеу және талдау орталығы» ЖШС республикалық мемлекеттік кәсіпорны, «Қазпошта», «Ұлттық ақпараттық технологиялар», «Ұлттық процессингтік орталық», «ҚазСатНет», «Қаржылық жұйелерді ақпараттандыру орталығы» акционерлік қоғамдары басшылары жыл ішінде елдегі ақпараттық саланың қарыштауы мақсатында жасалған істерді қорытындылады. Сонымен бірге алдағы 2009-2011 жылдарға арналған іс-қимыл жоспарларымен таныстырды. «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы электрондық үкімет бағдарламасы аясында жүйедегі мемлекеттік мәліметтер қорын қолдану, біріктіру жұмыстарын жобалап, оның сипаттамалық көрсеткіштерін халықаралық сапаға сәйкестендіру бағытында жұмыс атқарады. «Ұлттық ақпараттық технологиялар» алдағы мақсаттары үкіметтік органдардағы бағдарламалық-технологиялық қондырғыларды орнату және ақпараттық жүйелерді қадағалау қызметтерін жасауда бәсекеге қабілетті етуді, халықтың компьютерлік сауаттылығын және елдегі интернет қолданушылардың қатарын 20 пайызға арттыру жұмыстарына септесу деп белгілеген.
Соңғы жаңалықтар