15:57, 28 Ақпан 2009 | GMT +5
Ақпараттардың шыншылдығы ? санақ науқанындағы маңызды мәселе
ҚАРАҒАНДЫ. Ақпанның 28-і. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағанды облысының әкімдігінде өткен кеңейтілген отырыста Ұлттық санақты өткізудің барысы қаралды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Санақ аймақта жоғары деңгейде жүргізіліп жатыр. Облыс республика бойынша көшбасшылар үштігіне еніп отыр. Облыстық статистика департаментінің мәліметі бойынша 1 млн. 346 мың деп есептелген адам санының бүгінгі күнге дейін 470 мыңы санақтан өтті.Облыс әкімі Нұрлан Нығматуллин бірқатар қалалар мен аудандар басшыларының есебін тыңдаған соң: «Қалалар мен аудандар әкімдері статистика органдарымен бірлесе отырып, санақ жұмысын бір жүйеге келтірулері керек, қажет болған жағдайда қосымша санақ бірліктерін де енгізу қажет. Бұл наукқандағы ең өзекті мәселе ? шынайы ақпараттар алу, нақты халық санын анықтау», - деп атап өтті.