Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Ақпараттық-насихаттау топтары Павлодар облысының ауылдарын аралауда

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. Ақпанның 22-сі. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Шарбақты ауданының Александровка селосында Павлодар облыстық ақпараттық-насихаттау тобымен кездесу болды. Аймақта осындай 18 топ Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын халыққа түсіндіріп жүр,

Ақпараттық-насихаттау  топтары  Павлодар облысының   ауылдарын аралауда

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Александровка селосы өзінің сырт келбетімен де, ішкі жағдайымен бізді тәнті етті. Барлық жерде өз ісіне мығым шаруаның қолы байқалады. Жергілікті кәсіпкерлер мектепте балаларды тегін ыстық тамақпен толық қамтамасыз етіп отыр. Село тұрғындары өз клубтарында мерекелерде бас қосып, жастар бос уақыттарын өткізеді», дейді ақпараттық-насихаттау тобының қатысушысы, «Нұр Отан» партиясы Саяси бюросының мүшесі Асқар Бақралинов.

Александровтықтардың өз өлкетану мұражайы да бар. Онда село тарихын баяндайтын жәдігерлермен қоса, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне арналған стенд бар.

Кездесу барысында село тұрғындары Жолдауда көтерілген мәселелерге ерекше ықылас танытты. Аға буын өкілдері тұрмыс сапасын көтеру, денсаулық сақтау және білім беру саласын дамыту мәселелеріне қатысты сауалдар қойды. Кездесуде сондай-ақ, «Жайлау» мал шаруашылығын дамыту бағдарламасы, механизатор кадрларын оқыту және ауыл шаруашылығы техникаларын лизинг бойынша сатып алу мәселелері қызу талқыланды.