12:52, 12 Ақпан 2010 | GMT +5
Ақпараттық-насихаттау топтары Шығыс Қазақстанның ауылдарында Елбасы Жолдауын түсіндіруге кірісті
СЕМЕЙ. Ақпанның 12-сі. ҚазАқпарат /Лина Славина/ - Шығыс Қазақстанның Бородулиха ауданында 14 аудандық және 33 селолық ақпараттық-насихаттау тобы Елбасының «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өркендеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру жұмыстарына кірісті.
Аудандық ішкі саясат бөлімінен хабарлағандай, аталмыш топтардың селолық округтерге, аудан ұйымдары мен мекемелеріне сапарларының кестесі бекітілді. Сондай-ақ, жастардың ақпараттық-насихаттау топтарын құру жұмыстары жүргізіліп, саяси ақпараттандырушылар желісін құру жоспарлануда.